Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»
Тұтынушыларға суды
үздіксіз жеткізу

Компания туралы

«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады.

Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы болып табылады.

Толығырақ

Қызметі

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарында тұтынушыларға Қиғаш өзенінің табиғи суын жеткізуші болып табылады. Су шаруашылықтық-ауыз сумен жабдықтау үшін, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының мұқтаждары үшін, сондай-ақ Батыс Қазақстанның мұнай кенорындарында мұнайлы қойнауқатты сутоғыту үшін жеткізіледі.

Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы

  • Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы, жалпы ұзындығы (Пайдалануға жаңа учаскелердің қосылатыны ескеріліп әзірленуде), орташа жылдық өткізу қабілеті тәулігіне 94 мың м3.
  • Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының трассасы екі, Атырау және Маңғыстау, облыстарының аумағымен өтеді.
  • Қызмет көрсетіп, күтім жасайтын штаттық саны 407 адамнан тұратын «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС.
  • 2018 жылы тұтынушыларға 28729634 м³ су жеткізілді.

Құбырдың бірыңғай картасы

Серіктестер