Компания туралы
«Магистральды Су құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады.
Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы болып табылады.
Қызметі
«Магистральды Су құбыры» ЖШС Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарында тұтынушыларға Қиғаш өзенінің табиғи суын жеткізуші болып табылады. Су шаруашылықтық-ауыз сумен жабдықтау үшін, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының мұқтаждары үшін, сондай-ақ Батыс Қазақстанның мұнай кенорындарында мұнайлы қойнауқатты сутоғыту үшін жеткізіледі.
Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы
- «Астрахань–Маңғыстау» магистральды су құбырының жалпы ұзындығы (жаңа учаскелерді пайдалануға беруді ескере отырып, әзірлену үстінде), 2025 жылдағы орташа жылдық өткізу қабілеті тәулігіне 77 мың м³ құрайды.
- «Астрахань–Маңғыстау» магистральды су құбырының трассасы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтары арқылы өтеді.
- Магистральды су құбырына қызмет көрсетуді 391 адамнан тұратын штат саны бар «Магистральды Су құбыры» ЖШС жүзеге асырады.
- 2025 жылы тұтынушыларға 25 910 715 м³ су жеткізілді.