
Жалпы ақпарат
«Магистральды Су құбыры» ЖШС туралы ақпарат
«Магистральды Су құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы болып табылады.
Серіктестік келесі фирмалық атауларының кез келгенін қолданады:
«Магистральды Су құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіТолық атауы мемлекеттік тілде |
«Магистральды Су құбыры» ЖШСҚысқартылған атауы мемлекеттік тілде |
Товарищество с ограниченной ответственностью «Магистральный Водовод»Толық атауы орыс тілінде |
ТОО «Магистральный Водовод»Қысқартылған атауы орыс тілінде |
«Main Waterline» limited liability partnershipТолық атауы ағылшын тілінде |
«Main Waterline» LLPҚысқартылған атауы ағылшын тілінде |
Тарихи
Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры тарихы 1981 жылдан басталады, сол кезде Еділ өзенінен Батыс Қазақстанға су құбыры салу жобасы әзірлене бастады. Су құбырының мақсаты – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас және Теңіз мұнайлы кенорындарының шаруашылықтарын ауыз сумен жабдықтау және мұнайлы қойнауқатты сутоғыту. Бірінші кезегі,«Қиғаш-Құлсары», 1987 жылы іске қосылды. Құрылыстың аяқталуы және су құбырын қатарға енгізу 1989 жылы болды.
Көп жылдарда су құбыры «ҚазТрансОйл» АҚ құрамында қызмет етіп тұрды. 2017 жылы Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбырының негізінде «Магистральды Су құбыры» ЖШС құрылды. Жаңа компанияның құрамына Атырау қаласындағы басқару аппараты және «Қиғаш» бас су сорғы стансасы, ССС-5, ССС-8, 667-км ССС, «Қаражанбас» ССС су сорғы стансалары және «Құлсары» су тазарту құрылыстары кірді. Содан бес жыл бойы кәсіптік деңгейі жоғары ұйымшыл ұжым тұтынушыларға суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Компанияның басшылығы Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбырының жабдықтарын жаңғырту және өткізу қабілетін артыру бағдарламасын табысты іске асыру үшін көп күш жұмсауда.