Дамудың шешуші жобалары
«Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысын қайта құру және кеңейту, 1-кезек» жобасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысын реконструкциялауды және жаңғыртуды қамтамасыз ету туралы тапсырмасының негізінде (2021.2.04 №21-01-7.8 хаттама) «Магистральды Су құбыры» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысын қайта құру және кеңейту, 1-кезек» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыруға кірісті.
Жобаның мақсаты Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының өткізу қабілетін өсіру (тәулігіне 110 мыңнан 170 мың м3 дейін) және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарындағы су тапшылығын және алда өседі деп күтілетін су тұтыну көлемін қанағаттандыру үшін тозған жабдықты жаңарту болып табылады. Еділ өзенінің атырауындағы тармағы Қиғаш өзені Суағызғы үшін су көзі болып табылады.
Жоба мыналарға кіреді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы №337 қаулысымен бекітілген Атырау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары; |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №784 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары; |
ҚР Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №170 – Н бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №729 қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамыуының драйвері» ұлттық жобасы; |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің 2021 жылғы 22 маусымдағы шешімімен бекітілген Қордың басым инвестициялық жобаларының тізбесі. |