2025 жылы «Магистральды су құбыры» ЖШС энергия үнемдеуде елеулі нәтижелерге қол жеткізді
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Магистральды Су құбыры» ЖШС өндірістік қызметте энергия тұтынуды азайту саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті.
8-ССС-да 10 кВ-тық жиілікті реттелетін қозғалтқыш іске қосылып, «Қиғаш» БССС жұмыс режимдері оңтайландырылғаннан кейін электр энергиясын пайдалану 18 488 080 кВт·сағ-қа қысқарды. Бұл шамамен 739 млн теңге көлемінде экономикалық тиімділікті қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, электр энергиясына кететін шығындарды азайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді: «Қиғаш» БССС электр желілері жаңартылып, ескі жабдық заманауи шешімдермен алмастырылды. Оңтайландырылған жұмыс режимдерін ескере отырып, «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырының 0–207 км учаскесінде лупингтік құбыр желісі іске қосылды.
Энергия тиімділігін арттыру «Магистральды Су құбыры» ЖШС қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл шаралар ресурстарды тиімді пайдалануға, эксплуатациялық шығындарды азайтуға және кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.