Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директоры Еркін Таңқыбаев «Қиғаш» бас су сорғы стансасының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында компанияның 2025 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, өндірістік көрсеткіштер мен атқарылған негізгі жобаларға тоқталды. Бас директор еңбек ұжымымен ашық диалог жүргізіп, қызметкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған басым бағыттар мен алдағы міндеттер айқындалып, өндірістің тиімділігін арттыру, еңбек қауіпсіздігі мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелері атап өтілді.

Жиынға «Магистральды Су құбыры» ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжин Руслан да қатысып, ұжымның әлеуметтік жағдайымен танысты. Ол кәсіподақ тарапынан қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік қорғалуына әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Компания басшылығы өндірістік ұжыммен тұрақты кері байланыс орнату – кәсіпорынның тиімді жұмысы мен қызметкерлердің әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.