Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

“Қиғаш” бас су сорғы стансасында су тасқыны кезеңіне дайындық аясында командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу 3 кезеңнен тұрды:

  • Су басу қаупі кезіндегі іс-қимылдар
  • Эвакуациялау жұмыстары
  • Жанармай құю станциясындағы шартты өртті сөндіру

Іс-шараға Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, полиция қызметі, округ әкімі, құтқару, медициналық және өртке қарсы қызметтер, сондай-ақ “Магистральды Су құбыры” ЖШС ұжымы қатысты.

Нәтижесінде барлық құрылымдардың үйлесімді іс-қимылы мен жоғары дайындық деңгейі айқын көріндi.