Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Досбол Бекмағамбетов «Қиғаш» бас су сорғы стансасының еңбек ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында компания өкілі ұжыммен ашық әрі еркін форматта пікір алмасып, қызметкерлер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Бұл диалог қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және өндірістегі маңызды мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берді.

Компания басшылығы өндірістік ұжыммен тұрақты кері байланысты нығайту кәсіпорынның табысты дамуы мен қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.