Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

2026 жылдың 3 сәуір күні Жылыой ауданының әкімі Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлының төрағалығымен Құлсары су тазарту құрылысын модернизациялау мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрланов Ерлан Нұрланұлы, Құлсары қаласының әкімі Әдинов Қадіржан Аманкелдіұлы, Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Теміржанов Алмат Маратұлы, Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Хабибуллин Талғат Әділбекұлы, сондай-ақ «Магистральды Су құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) өкілдері: бас директордың бірінші орынбасары Бекмағамбетов Досбол Боташұлы, өндірістік-техникалық басқарма бастығының міндетін атқарушы Рощепкин Вячеслав Геннадьевич, сумен жабдықтау және есебін жүргізу бөлімінің бастығы Байтазиев Алибек Саламатович, жобаларды басқару басқармасының бастығының міндетін атқарушы Нигметов Ержан Мирболатұлы қатысты.

Әкімдіктің ұсынған ақпаратына сәйкес, Құлсары қаласын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған әкімдікке қарасты су тазарту станциясының құрылысы 95%-ға аяқталған. Алайда аталған жоба Жылыой ауданындағы ауылдық елді мекендерді қамтымайды.

Сонымен қатар, халық санының өсуіне байланысты, сондай-ақ резерв ретінде пайдалану үшін әкімдік Құлсары су тазарту құрылысын модернизациялау жұмыстарын тоқтатпауды және жалғастыруды ұсынды.