«Магистральды Су Сұбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетов №5 су сорғы стансасының еңбек ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді
«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетов №5 су сорғы стансасының еңбек ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында басшылық стансаның өндірістік қызметімен, техникалық жағдайымен және жұмыс процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған даму бағыттары мен негізгі міндеттер талқыланып, ұжымға жоспарланған жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
Станса қызметкерлері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өндірістік үдерістерді жетілдіруге қатысты бірқатар бастамаларын жеткізді. Басшылық тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жолдары қарастырылатыны атап өтілді.
Аталған кездесу өндірістік тиімділікті арттыруға, ұжым мен басшылық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.