Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай «Магистральды Су құбыры» ЖШС еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға бас директордың м.а. Досбол Бекмагамбетов төрағалық етті.

Кеңесте өндірістегі қауіпсіздікті күшейту, жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз еңбек мәдениетін дамыту бағыттары талқыланды. Сонымен қатар қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізу және еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Досбол Боташұлы ұжымды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтап, қауіпсіздік – компания жұмысының басты басымдығы екенін атап өтті.