Өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша №5 су сорғы стансасында жиын өтті
«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетовтың бастауымен, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Есмурзиев Саламат Төлеуұлы №5 су сорғы стансасының ұжымымен өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша жиын өткізді.
Жиын барысында өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау, еңбек қорғау нормаларын қатаң ұстану, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді. Қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын сақтау, өндірістік тәртіпті күшейту және ықтимал тәуекелдердің алдын алу бағытында нақты ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс саласындағы дайындық деңгейін арттыру, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі мен жауапкершілік мәселелері де назардан тыс қалмады.