«ҰИМХТ» АЭА нысандарын сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
«Магистральды Су құбыры» ЖШС аппарат басқармасы ғимаратында Бас директордың міндетін атқарушы Бекмағамбетов Досбол Боташұлының төрағалығымен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ және «Силлено» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырына қосылу жобасын іске асыру (сыртқы сумен жабдықтау, II кезек), сондай-ақ мұнай-химия кешенінің су тұтыну жоспарлары мәселелері қаралды.
Кеңес барысында қатысушылар «ҰИМХТ» АЭА нысандарын белгіленген мерзімде тұрақты әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар жобаны іске асырудың техникалық аспектілері мен тараптардың алдағы өзара іс-қимыл кезеңдері жан-жақты талқыланды.
Қатысушылар «ҰИМХТ» АЭА жобаларын іске асырудың Атырау облысы мен жалпы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Магистральды Су құбыры» ЖШС «ҰИМХТ» АЭА нысандарын қажетті көлемде сумен қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін орындауға дайын екенін растады.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар талқыланған барлық мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді.