Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетов жоспарлы жұмыс сапары аясында №8 су сорғы стансасында болды.

Жұмыс сапары барысында «Құлсары–Теңіз» су сорғы стансасының өндірістік нысандарын аралап, сорап агрегаттарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, көлемі 10 000 м³ болатын тік болат резервуарды босатуға арналған кері бағыттағы желінің техникалық жай-күйі мен пайдалану ерекшеліктері қаралды. 

Сондай-ақ, №8 су сорғы стансасының операторлық бөлімінің өндірістік процесі және ауысымдағы операторлардың күнделікті жұмыс тәртібі зерделенді. Кездесу барысында өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау, жабдықтардың тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша өндірістік процестердің тиімділігін арттыру және станса жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берілді.