«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Боташұлы Бекмағамбетов Бейнеу өңіріндегі өндірістік нысандардың жұмысымен танысты
«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетов №667 су сорғы стансасы мен «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырының өндірістік нысандарындағы жұмыстармен танысты.
Жұмыс барысында Бейнеу кентіндегі магистральды су құбырының айналма желісінің жұмысы қаралып, су құбырының 648 шақырымында орналасқан №82/1 ысырманың техникалық мүмкіндіктері зерделенді. Аталған нысан күн батареясы арқылы ашылып-жабылатын автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Автономды жылыту, кондиционерлеу және байланыс жүйелері арқылы диспетчерлік қызметпен және ішкі абоненттермен тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, №667 су сорғы стансасы аумағындағы блокты-модульді ғимарат пен магистральды сорғы стансасының өндірістік процесі көрсетілді. Жабдықтардың техникалық жай-күйі, өндірістік процестің үздіксіздігі және нысандардың сенімді жұмыс істеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Досбол Бекмағамбетов станса қызметкерлерімен кездесіп, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау, еңбек тәртібін күшейту және жабдықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді талқылады.