Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен жұмыс кездесуін өткізді. 

Кездесу барысында тараптар өңірді сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, «Магистральды Су құбыры» ЖШС-нің алдағы өндірістік жоспарларын және аймақтық деңгейде шешуді қажет ететін басқа да маңызды тақырыптарды талқылады. Қатысушылар өңірді тұрақты сумен қамтамасыз етуге бағытталған тарифтік саясат мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, кәсіпорын мен өңір арасындағы алдағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды. Олар халық пен өндірістік нысандарды тұрақты әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етуге, «Магистральдв Су құбыры» ЖШС инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға және сумен жабдықтау саласындағы өзекті міндеттерді жедел шешу үшін бірлескен іс-қимылды үйлестіруге бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтау үшін қосымша кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.