Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетов жұмыс сапары барысында Манашы өзені арқылы өтетін «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырының әуе өткелі нысанындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Жобаның негізгі мақсаты – тозығы жеткен құбыр желісін қайта жаңғырту, орталықтандырылған жүйеге қосу және ысырмаларды автоматтандыру арқылы нысанның сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Жұмыс сапары барысында Досбол Бекмағамбетов мердігер ұйымдардың жауапты мамандарымен кездесіп, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жобаның белгіленген мерзімде сапалы тапсырылуына ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.