«Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры нысандарында жұмыс сапары: «МАЭК» АҚ-на су беру мәселелері талқыланды
«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Боташұлы Бекмағамбетов «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырының 1108–1111 км учаскесінде болып, су құбыры трассасы мен желілік нысандардың техникалық жағдайымен танысты. Сонымен қатар, болашақта «МАЭК» АҚ-на су беру мүмкіндіктері талқыланды.
Іссапар аясында Досбол Боташұлы Ақтау қаласы Өмірзақ кентіндегі «Ақтау» бас мұнай айдау стансасы аумағында орналасқан «Қаражанбас» су сорғы стансасының қызметкерлерімен кездесіп, өндірістік нысанның жұмысымен танысты. Кездесу барысында өндірістік үдерістердің тұрақтылығы, қызметкерлердің еңбек жағдайы және өзекті мәселелер қаралды.