Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Досбол Боташұлы Бекмағамбетов жұмыс сапары аясында «Қаражанбас» су сорғы стансасының өндірістік нысанына барды.

Сапар барысында стансаның технологиялық жабдықтарына тексеру жүргізіліп, нысанның техникалық жай-күйі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, вахталық әдіспен еңбек етіп жатқан қызметкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында өндірістік бағыттағы өзекті мәселелер, еңбек жағдайлары және нысанның сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы шаралар талқыланды.

Досбол Боташұлы өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударып, қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелер Серіктестік басшылығының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.