«Магистральды Су құбыры» ЖШС қызметкерлері “Munaily Marathon” қайырымдылық марафонына қатысты
Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұйымдастырған дәстүрлі “Munaily Marathon” қайырымдылық марафоны өтті. Ауқымды шараға «Магистральды Су құбыры» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Серіктестік мамандары 5 және 10 шақырым қашықтықты бағындырып, қайырымдылық бастамаға өз үлестерін қосты.
Биылғы марафонға 1000-ға жуық адам қатысты. Қайырымдылық марафонынан жиналған қаражат Жаңаөзен қаласындағы ерекше балаларға арналған «Балақай» оңалту орталығына бағытталады.