«Киғаш» бас су сорғы стансасында резервуардың жөндеу жұмыстары аяқталды
«Киғаш» бас су сорғы стансасындағы көлемі 6000 м³ болатын №2 темірбетонды резервуарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жөндеу жұмыстары барысында резервуардың жұмыс қабілетін қалпына келтіруге бағытталған кешенді шаралар атқарылып, анықталған техникалық ақаулар жойылды. Сонымен қатар, нысанның сенімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Аталған жұмыстарды іске асыру нәтижесінде сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығы артып, резервуардың пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік жасалды. Жоба «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымы «Магистральдық Су құбыры» ЖШС өндірістік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту және өндірістік нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылды.