Балаларға қуаныш сыйлаған мерекелік кездесу
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Досбол Боташұлы Бекмағамбетовтің бастамасымен және кәсіподақ ұйымының қолдауымен Атырау қаласындағы Мамандандырылған балалар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Серіктестік басшылығы мен кәсіподақ ұйымы тәрбиеленушілерге қажетті киім-кешек пен сыйлықтар табыстап, балаларға зор денсаулық, бақыт пен жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында балалар өз өнерлерін көрсетіп, концерттік қойылымдар ұсынды. Қонақтар тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттеріне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Аталған шара балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған игі бастама болды.