№8 су сорғы стансасында резервуарларды тазарту жұмыстары жүргізілді
№8 су сорғы стансасында резервуарлардың түбінде жиналған лай шөгінділерін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар резервуарларды сенімді әрі тиімді пайдалану, олардың жұмыс қабілеттілігін сақтау және санитарлық-техникалық жағдайын белгіленген талаптарға сәйкес қамтамасыз ету мақсатында атқарылды.
«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Досбол Боташұлы Бекмағамбетовтің тапсырмасына сәйкес жүргізілген тазарту жұмыстары резервуарлардың қажетті көлемін сақтауға, жабдықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және су сапасының қолданыстағы санитарлық талаптарға сәйкестігін қолдауға мүмкіндік береді.
Тазарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін резервуарлар қайтадан таза сумен толтырылып, №8 су сорғы стансасы штаттық жұмыс режиміне көшіріледі.