«Құлсары–Теңіз» су сорғы станциясында магистральды сорғы жабдығы жаңғыртылды
«Магистральды Су құбыры» ЖШС жаңғырту жұмыстарынан кейін «Құлсары–Теңіз» су сорғы станциясында (ССС) ЦНС 300/360 №4 магистральды сорғысын пайдалануға берді.
«Құлсары–Теңіз» су сорғы станциясы тұтынушыларға тәулігіне орта есеппен шамамен 200 м³ су жеткізеді. Жобаның іске асырылуы «Құлсары–Теңіз» магистральды су құбыры арқылы су алатын тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттырудағы маңызды кезең болды.
Сорғы агрегатын жаңғырту нәтижесінде суды айдаудың икемді режимі енгізіліп, жабдықтың пайдалану сенімділігі артты және тұтынушыларды үздіксіз сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі күшейтілді. Жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі – су сорғы станциясының резервуарлар паркінде 35 мың м³-ден астам су қорының жинақталуы.
Жаңғыртылған сорғы жабдығының пайдалануға берілуімен 2022 жылы салынған «Құлсары–Теңіз» су сорғы станциясы өндірістік және технологиялық процестердің толық цикліне шықты. Пайдалануға дайындау аясында резервуарларды тазарту, әрқайсысының сыйымдылығы 10 мың м³ болатын төрт резервуарды сумен толтыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар станцияның жұмыс режимдері реттеліп, оңтайландырылды.
Алдағы уақытта «Магистральды Су құбыры» ЖШС №8 ССС-де орналасқан тағы бір ЦНС 300/600 магистральды сорғысын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Бұл «Құлсары–Теңіз» су сорғыстанциясының резервтік жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.