Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«ҚазТрансОйл» АҚ Мемлекет басшысының отандық тауар өндірушілерді қолдау, елішілік кооперацияны дамыту және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде іске асыруда. Бұл бағыттағы қадамдардың бірі «ҚазТрансОйл» АҚ, оның еншілес компаниясы «Магистральды Су құбыры» ЖШС және Қазақстанның ірі металлургиялық кәсіпорны – «Qarmet» АҚ арасында металл сынықтарын тікелей атаулы сату туралы шарттар жасасу болды.

Қол жеткізілген келісімдер отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды стратегиялық маңызды шикізатпен қамтамасыз етудің тиімді тетігін құруға бағытталған мемлекеттік органдармен және салалық қауымдастықтармен бірлескен жұмыстың нәтижесі болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Магистральды Су құбыры» ЖШС ұйымдастырушылық және нормативтік іс-шаралардың барлық қажетті кешенін өткізді: қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сату бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар алынды, құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізілді, іске асырудың ішкі рәсімдері бекітілді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Qarmet» АҚ арасында бір жыл мерзімге, «Магистральды Су құбыры» ЖШС мен «Qarmet» АҚ арасында бес жыл мерзімге металл сынықтарын сатып алу – сату шарты жасалды. Келесі кезең пайдаланылған құбыр өнімдерін сатуға шарт жасасу болады.

Тікелей атаулы іске асыру тетігі елдің ірі металлургиялық кәсіпорнын шикізаттың қосымша көлемімен қамтамасыз етуге, оның Қазақстан ішіндегі қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, сыртқы жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға және материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобы отандық өндірушілерді қолдауға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде іске асыруды жалғастырады.