«Магистральды Су құбыры» ЖШС жоспарлы жұмыстарды белгіленген мерзімнен бұрын аяқтады
«Магистральды Су құбыры» ЖШС «Астрахань - Маңғышлақ» магистральды су құбырының 696-шақырымында, «Манашы» өзені арқылы өтетін әуеөткелін жаңғырту жұмыстарын мерзімінен бұрынаяқтады.
2026 жылғы 10 - 13 қараша аралығына жоспарланған жұмыстар аясында диаметрі 1200 мм құбыр учаскесі жаңғыртылып, жаңа әуе өткелі магистральды су құбырына қосылды.
Жұмыстар «Магистральды Су құбыры» ЖШС және «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы мамандарының қатысуымен жүргізілді. Жоспарланған 72 сағаттың орнына дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары 52 сағатта аяқталды. Дәнекерленген қосылыстар тексеріліп, ақаулар анықталған жоқ.
12 қараша күні сағат 17:15-те «Қиғаш» бас су сорғы стансасы қайта іске қосылып, тұтынушыларға су беру қалыпты режимде жалғастырылды.