«Магистральды Су Құбыры» ЖШС 2026 жылдың 10 айында энергия тұтынуды 14,75%-ға төмендетіп, 86 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді
2026 жылдың қаңтар–қазан айларында «Магистральды Су құбыры» ЖШС электр энергиясын тұтынуды 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 млн 166 мың кВт·сағатқа немесе 14,75%-ға қысқартты.
Есепті кезеңде суды айдауға жұмсалатын энергияның үлестік шығыны 3,65%-ға төмендеді. Үлестік энергия тұтынуды қысқарту нәтижесінде қол жеткізілген экономикалық тиімділік 86 млн 559 мың теңгені құрады.
«Магистральды Су құбыры» ЖШС энергия тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және өндірістік тиімділікті арттыру кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.