Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

Іс-шараның мақсаты: Еңбекті қорғаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орнында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Шараға қызметкерлерімізбен қатар мердігер ұйымдарынан қызметкерлері қатысты.

Шараның ашылу сәтін  бастапқы сөзбен Бас директор Еркін Бағытжанұлы еңбек қауыпсіздігітуралы өз үндеуімен бастады.

Шараның барысында дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің маңыздылығы туралы және оның тарихына қысқаша тоқталып, өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар статистикасы туралы және еңбекті қорғаудың негізгі принциптері мен ережелері туралы презентация көрсетілді.

Шарамыздың практикалық бөлімінде:

Еңбекті қорғау мамандары жеке қорғанысқұралдарын (ЖҚҚ) көрсетіп, ЖҚҚ-ны дұрыс қолдануды үйретті және өндірістік жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша Мастер-класс көрсетті.

«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» тақырыбында іс-шарамызға қатысқан әрбір қызметкер еңбекті қорғау саласы бойынша дағдыларын арттыру мақсатында сұрақ-жауап арқылы,  дағдыларын арттырып алғысын білдірді.

Іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті!