Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-нің экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары Джунусходжаев Ойбек Халдарұлы мырзаны үлкен құрметпен және ризашылықпен жаңа қызмет орнына шығарып салдық.

Ойбек Халдарұлы ұйымымызда қызмет атқарған уақытында өзінің жоғары кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және еңбекқорлығымен танылды.

Қоштасу рәсімі барысында ұжым атынан шынайы алғыс білдіріліп, бірлескен жемісті еңбек үшін ризашылық сөздер айтылды және естелік ретінде алғыс хат табысталды.

Барша ұжым атынан Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жаңа қызметіңізде толағай табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз. Барлық бастамаларыңыз сәтті болып, жаңа ұжым шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!