«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тан алған облигациялық қарызы бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (әрі қарай – Серіктестік) 2025 жылғы 04 маусымда 52804163,25 теңге (Елу екі миллион сегіз жүз төрт мың бір жүз алпыс үш теңге 25 тиын) мөлшеріндегі сомаға Серіктестік облигацияларының (ISIN: KZ2P00010432) 52758 (елу екі мың жеті жүз елу сегіз) данасын ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.
Серіктестік облигацияларын ішінара мерзімінен бұрын өтеу Жеке меморандумның 4-тармағына сәйкес Серіктестік облигацияларының номиналдық құнына сәйкес баға және 2025 жылғы 04 маусымға жиналған сыйақы бойынша жүргізілді.