«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ұжымы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту және LOTO жүйесін енгізгені үшін алғысқа ие болды
2025 жылдың 26 мамыры мен 9 маусымы аралығында ҚР Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық энергетикалық қадағалау департаменті Атырау облысы бойынша “Магистральды Су құбыры” ЖШС нысандарында электр қондырғыларындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жоспарлы тексеріс жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша “Магистральды Су құбыры” ЖШС ұжымы инновациялық еңбек қауіпсіздігі жүйесі – LOTO технологиясын енгізіп, қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытудағы белсенді еңбегі үшін алғысқа ие болды.
АЭН департаменті ұжымның жоғары жауапкершілігін, қауіпсіздік талаптарын сақтаудағы кәсібилігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғауда ұжымның үлесі жоғары бағаланды.
Қауіпсіз еңбек – басты құндылық!