Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральды Су құбыры» ЖШС өкілдері Қиғаш өзеніне 52 мыңнан астам бекіре тұқымдас балық шабақтарын жіберді. Олардың қатарында бекіре, шоқыр, сүйрік, стерлядь және пілмай (севрюга) бар. Балық үшін табиғи орта – өзен суы 1,5 тоннадан астам сау әрі өміршең шабақпен толықты.

Балықтандыру – күрделі әрі ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Шабақты өзенге жіберуге дейін олардың уылдырығын алып, оны өсіріп, шабақтың пайда болуына қажетті жағдай жасау, популяцияны сақтау және оларды дербес тіршілік етуге дайын күйге жеткізу секілді бірнеше кезеңнен өту керек.

Мамандардың кәсіби еңбегінің арқасында бұл жолы да Қиғашқа балық жіберу сәтті жүзеге асты. Өткен жылы да бұл өзенге 23 мыңнан астам бекіре шабағын жіберген болатын.

Балықтандыру жұмыстары алдағы жылдары да жалғасын табады.