«Магистральды Су құбыры» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тан алған облигациялық қарызы бойынша негізгі борышын өтеуді сәтті жүзеге асырды
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесі – 100%) 2025 жылғы 01 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ берген облигациялық қарыз бойынша өз міндеттемелерін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен борышты 4 млрд. 114 млн. 545 мың теңге мөлшерінде өтеуді жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта айналымда «Магистральды Су құбыры» ЖШС 62 млн. 891 мың 520 облигациясы бар.
«Магистральды Су құбыры» ЖШС мемлекеттік маңызы бар инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруда өзінің жауаптылықтың, ашықтықтың және тиімділіктің жоғары стандарттарына бейілділігін растап отыр.
Анықтама ретінде:
2022 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 70 млрд. теңге мөлшерінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді. Серіктестік бұл қаражатты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде тартты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз кезегінде жобаны қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-тан осындай облигациялық қарыз тартты.
«Магистральды Су құбыры» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне «ҚазТрансОйл» АҚ ие. «Магистральды Су құбыры» ЖШС Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбырының меншік иесі болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Ұзындығы 5,2 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісін иеленеді және бөгде ұйымдардың жалпы ұзындығы 5 мың км астам құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер көрсетеді.