Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері мен еншілес ұйымдары арасында өткен спартакиада қорытындысы бойынша «Магистральды Су құбыры» ЖШС бірқатар спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.

«Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Бекмағамбетов спартакиадаға қатысқан қызметкерлерді құттықтап, жарыс барысында ұйым намысын лайықты қорғап, жоғары ұйымшылдық пен белсенділік танытқан барлық қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, спорттық сайыстарда ерекше белсенділік көрсеткен қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.

Спартакиада қорытындысы бойынша Серіктестік 40 жасқа дейінгі қыздар арасында 200 метрге жүзуден және арқан тарту жарысынан жүлделі ІІІ орын иеленді.

Сондай-ақ, «Магистральды Су құбыры» ЖШС жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сисенов Серік жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.