«Магистральды Су құбыры» ЖШС-де антидрондық жабдықтың практикалық көрсетілімі өтті
2026 жылғы 20 мамырда «Магистральды Су құбыры» ЖШС бас директорының м.а. Досбол Боташұлы Бекмағамбетовтің басшылығымен №5 су сорғы стансасы нысанында антидрондық жабдықтың жұмыс мүмкіндіктерін таныстыруға арналған жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға «NEWTECH DISTRIBUTION» ЖШС өкілдері, «ҚазТрансОйл» АҚ АМҚБ өкілдері, сондай-ақ Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Серіктестік нысандары аумағында пилотсыз ұшу аппараттарын анықтау және олардың әрекеттеріне қарсы іс-қимыл жасауға арналған жүйелерді тиімді орналастыру мәселелерін қарастыру, сондай-ақ антидрондық кешеннің тактикалық-техникалық сипаттамаларын өндірістік жағдайда көрсету болды.
Практикалық таныстырылым барысында қатысушыларға кешеннің дрондарды анықтау, сүйемелдеу және бейтараптандыру мүмкіндіктері көрсетіліп, өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық шешімдер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өндірістік нысандардың қауіпсіздігін күшейту және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.